Қаңтар оқиғасынан кейін елден кет деді | Қазақ тілін білмейтіндерге тиіспеу керек | ҚУАТ ХАМИТОВ

«БЕРЕН LIVE» бағдарламасының бұл эпизодында қонақта – танымал спортшы, файтер Қуат “Найман” Хамитов. Ол балалық шағы, Қайрат Ахметовпен достығы, спорт жолындағы алғашқы жеңістері мен жеңілістері жайлы шынайы сыр шертеді. Зубайра Тухуговпен төбелесі, Alash Pride-тен кету себептері, UFC-ге неге шықпағаны және демеушілердің жоқтығы туралы ашық айтады. Сондай-ақ, Қаңтар оқиғасына көзқарасы, мемлекеттік қысым, жеке өмірі мен кино саласына қадам басуы да қозғалады. Қуаттың Хамзат пен Шавкат жайлы пікірі және қазақ тіліне байланысты өз ұстанымы да сұхбаттың назар аударар тұстарының бірі. Ел мен спорт тағдырына бей-жай қарамайтын көрермен үшін бұл – ерекше сұхбат. Қолдау білдіріп, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!