Олимпиада чемпиондарын түсімізде көреміз… | Ермахан Ыбрайымов

Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов «Берен Live» бағдарламасында ашық сұхбат берді. Қазақстан боксының аңызы өз жолының бастауын, алғашқы бапкерлерін, Атланта және Сидней Олимпиадаларындағы есте қалған сәттерді еске алды. Куба боксшыларымен болған қиын кездесулер, ұлттық құрамадағы ішкі бәсекелестік пен бапкерлер арасындағы келіспеушіліктер жайлы да ашық айтты. Сонымен қатар, Ермахан Тұрсынғали Еділовтың еңбегіне тоқталып, Токиодағы сәтсіздікті Олимпиада комитетінің қатесі деп бағалады. Кәсіпқой боксқа неге өтпегені, Қазақстандағы ең мықты қарсыласы кім болғаны және өзінің туған өлкесі Құланнан шыққан төрт олимпиада жүлдегері туралы да қызықты деректермен бөлісті. Бұл – тек спорт емес, үлкен өмір жолының шежіресі.