Илья Ильиннің үйін тартып алды

«БЕРЕН LIVE» бағдарламасының бұл шығарылымында қонақта – әйгілі ауыр атлет, Лондон олимпиадасының қатысушысы Алмас Өтешов. Сұқбат барысында ол қазақ ауыр атлетикасының шынайы тарихын, допинг дауын, ұлттық құраманың екіге бөлінуін және легионерлер мәселесін ашық әңгімелейді. Илья Ильинмен қарым-қатынасы, спорттан кейінгі өмірі мен қазіргі жүйеге көзқарасы да сөз болады. Жүйенің ішкі проблемалары мен шешілмеген түйткілдері туралы шынайы ойлар айтылады. Қазақ спортына бей-жай қарамайтын көрермен үшін бұл – маңызды сұқбат. Каналға жазылып, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!