Ағаларым арзандыққа барғанына арландым! | Ақжүрек Таңатаров

«БЕРЕН LIVE» бағдарламасының бұл бөлімінде қонағымыз – еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров. Ол спорттағы жолының басталуы, ұлттық құраманың ішкі жағдайы мен легионерлер мәселесі туралы ашық сыр шертеді. Ақжүрек Бейжің олимпиадасынан шет қалу себептерін, құрамадан әділетсіз шеттетілген қазақ балуандарын және өзі қатысқан Лондон олимпиадасындағы естен кетпес сәттерді баяндайды. Тіпті, салмақ қуып жүріп өміріне қауіп төнген кездері мен қарсыластары тарапынан болған әділетсіздіктер де айтылды. Будапешттегі әлем чемпионатына бара жатқанда уланғаны, федерацияда қазақ чемпиондарының еленбеуі және Белоглазовтың зиянды рөлі де қозғалды. Бұл – тек спорт емес, әділет, шындық және намыс туралы сұхбат. Қолдауға лайық сұхбатты көріп, пікір қалдырыңыз!